«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – өңірде (Маңғыстау облысы) мұнай өндірудің 31%-дан астамын және Қазақстан Республикасы бойынша шамамен 8% -ын қамтамасыз ететін ірі мұнай өндіруші компания.

Игерудің негізгі өнеркәсіптік объектілері үлесіне барлық алынатын қорлардың 90% -ға жуығы тиесілі - Қаламқас пен Жетібай кен орындары болып табылады.

Компания әлеуметтік саясат мәселелеріне көп көңіл бөледі. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен спорт ғимараттары салынып жатыр, жергілікті инфрақұрылым даму үстінде, жолдар жөнделіп, саябақтар абаттандырылып жатыр, мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді және тағы басқалар.

Сондай-ақ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысының ең ірі салық төлеушісі болып табылады және Қазақстан Республикасының ең ірі салық төлеушілерінің үштігіне кіреді.

Ең заманауи технологияларды қолдану, өндірістік міндеттерді шешуге шығармашылық, инновациялық көзқарас, мамандардың жоғары кәсібилігі болашаққа сеніммен қарауға, қызмет географиясын ұлғайтуға және жаңа белестерге ұмтылуға мүмкіндік береді!