Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide

ЖОҒАРЫ ШЕБЕРЛІК ТАНЫТТЫ

21 қараша, 2025

Атырау қаласында өткен «KMG Skills» кәсіби шеберлік байқауында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бірден үш қызметкері жүлделі орындарды иеленді.


Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері қатысты.


Байқау үш кезеңнен тұрды: мамандық бойынша практикалық тапсырмаларды орындау, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтау және алғашқы медициналық көмек көрсету.


«KMG Skills» байқауының қорытындысы бойынша:

🔹«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ ҒЗжӨЖЦ 5-разрядты ұңғымаларды зерттеу операторы Мақсатұлы Жомарт екінші орынды иеленді;

🔹 «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 1-МГӨЦ 4-разрядты мұнай және газ өндіру операторы Нұралы Аян Мағауияұлы үшінші орынды иеленді;

🔹 сондай-ақ «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ МКЖӨҚКЦ 5-дәрежелі электргаздәнекерлеушісі Ернар Қорғанбек Ернарұлы үшінші орынды жеңіп алды.


Әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, жаңа еңбек жеңістерін тілейміз! Жеткен жетістіктеріңіз жалғасын тапсын, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!