ЕҢБЕК ПЕН ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЛАЙЫҚТЫ ДЕҢГЕЙДЕ
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында мұнайшылардың қауіпсіз еңбек етуіне, олардың кенорындарындағы тұрмыстық жағдайын көтеруге бағытталалған өндірістік-әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатындағы ауқымды жұмыстар жалғасын табуда.
Атап айтқанда, Жол картасын жүзеге асыру аясында 2025 жылы Жетібай кенорнындағы әртүрлі өндірістік нысандарында жеті металл слесарлық жайлар (ТҚ-1, ТҚ-13, ТҚ-18, БКСС-4 және №3-МГӨЦ базасы, ГДТжГШПЦ), сондай-ақ операторларға арналған модульдік бөлме (ТҚ-21 №1-МГӨЦ) салынып, пайдалануға берілді.
Әрбір слесарлық жайлар өндірістік және шаруашылық бөлімдерден тұрады.
Өндірістік блок көтергіш механизммен, жұмыс үстелдерімен және құралдарды сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған, ал қосалқы аумақта киім ауыстыратын бөлмелер, душ, дәретханалар және демалыс бөлмелері бар.
Операторларға арналған бөлігі де мамандардың тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін барлық қажетті еңбек және тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етеді.
Барлық өндірістік және тұрмыстық кешендерде сумен және жылу жүйесімен жабдықтау автономды түрде қамтамасыз етілген.
2026 жылы кенорындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жұмыстары жалғаса береді деп күтілуде.
Мұнайшылардың еңбегі, өмірі мен демалысы үшін тиісті жағдай жасау – компанияның басты байлығы болып табылатын – оның еңбек ұжымын нығайту мен дамытудың маңызды факторы деп есептейміз және болашақ әл-ауқатының маңызды құрамдас бөлігі екені сөзсіз.