«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның кен орындарында ұңғымада күрделі жөндеу жұмыстарын орындайтын компания іздеу

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Қазіргі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарында ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарын орындайтын компаниялардың бірі «М-Техсервис» ЖШС болып табылады.

«М-Техсервис» ЖШС-нің Қазақстанның мұнай саласындағы сервистік қызметтері нарығынан шығуына байланысты, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша тиісті компанияның болуы үшін жұмыстар мен қызметтер нарығын зерделеуде:

- өзінің иелігінде (немесе жедел тәртіппен сатып алу мүмкіндігі бар) жүк көтергіштігі 80 тоннадан 135 тоннаға дейінгі, барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықталған және құқылы құжаттары бар 7 (жеті) бірлік мөлшеріндегі көтергіш агрегаттары бар;

- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мен Шарт жасасқан жағдайда, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында «М-Техсервис» ЖШС қызметкерлерін жұмысқа орналастыруға дайын.

Ұңғымаларды күрделі жөндеу сервистік қызметін сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асыру Тәртібіне» сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізілетін болады.

Қызығушылық танытқан жағдайда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7292) 215-560, 215-174, 215-611, немесе электрондық мекенжайға: a.tnyshtikov@mmg.kz

Ақпарат 2025 жылғы 11 наурызына дейін қабылданады.