«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты «Шығыс Жетібай» кен орнында Модульді компрессорлық станция (МКС-86,8/1,6-4Э) іске қосылды.
«Асар-1» топтық қондырғысынан шыққан ілеспе мұнай газы газ құбыры арқылы МКС-қа жеткізіліп, ондағы сығымдау, өңдеу және механикалық қоспалар мен тамшы ылғалдан тазарту процесінен кейін көгілдір отын Ақтау–Жаңаөзен магистральдық газ құбырына түседі. Одан әрі газ Қазақ газ өңдеу зауытына (ҚазГӨЗ) тасымалданады.
Бүгінгі күні МКС-қа түсетін және өңделетін газ көлемі тәулігіне 93–95 мың м³ құрайды, және әзірге – қысқы кезеңде – көгілдір отын Жетібай кен орнының өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Болашақта МКС-тың жобалық қуаты тәулігіне 200 мың м³-ке дейін арттырылады: газдың негізгі көлемі ҚазГӨЗ-ге тасымалданады.
Айта кету керек, бұл жобаның маңызды әлеуметтік маңызы бар, себебі ҚазГӨЗ Маңғыстау облысына сұйытылған газдың негізгі жеткізушісі болып табылады.
МКС құрылысына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен бірге мердігер ұйымдардың мамандары – «Достық Вест» ЖШС, «МЭМ» ЖШС, «ОСС» ЖШС – белсенді қатысып, жобаның табысты іске асуына елеулі үлес қосты.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік көрсеткіштерді жақсарту және мұнай өндіру тиімділігін арттыру мақсатында жабдықтарды жаңғырту мен техникалық базаны жаңарту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастырады.