Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide

ОҚУ СЕМИНАР ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІ

23 мамыр, 2022

18-20 мамыр аралығында «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» кенорнында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша теориялық және практикалық оқу семинары өтті.

 

Аталған шараны Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, аға лейтенант Бектас Мұратов және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ техникалық қауіпсіздік еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай тобының жетекшісі Азамат Якиев ашып, оқу семинарына қатысушыларға бүгінгі таңдағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай мәселесінің өзектілігін түсіндірді.

Төтенше жағдайдың туындау ықтималын азайтуға, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жыл сайын жеке құжат түрінде әзірленеді.

Аталған іс-шара аясында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды әзірлікте ұстау, авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық мәселелері талқыланып, азаматтық қорғаныс мүліктері практикалық және теориялық әдістері көрсетілді.

Кенорынында алғаш рет өткен семинар барысында азаматтық қорғаныс бойынша сертификаттар берілді.