ҚАЛАМҚАС КЕН ОРНЫ ЖАҒДАЙЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨП ПОРЦИЯЛЫ АРАЛАС СУ АЙДАУ (ВПИВН) АРҚЫЛЫ АҒЫНДЫ ТЕРЕҢ БҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҮШІН ОҢТАЙЛЫ ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІ ІРІКТЕУ ЖОБАСЫ "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – «ММГ» АҚ) ағымдағы жылы Қаламқас кен орнының «Ю-1С Шығыс-4» учаскесінде ағынды терең бұру технологиясы бойынша көп порциялы аралас айдау (ВПиВН) үшін оңтайлы химиялық реагенттерді іріктеу жобасын іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Химиялық реагенттерді іріктеу бойынша зертханалық жұмыстар әлеуетті мердігер компаниялардың қаражаты есебінен жүргізіледі (1-қосымша). Жоба нәтижелері бойынша 2026 жылы мердігер компанияның химиялық реагентті (бұдан әрі – ХР) жеткізуімен және оны «кілтпен» айдау қызметін қатар көрсету шартымен айдау жұмыстарын бастау жоспарланған.

Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ЕТҰ ұйымдарында химиялық реагенттерді іріктеуді, сынақтан өткізуді, енгізуді және кіріс бақылауын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары» нормативтік құжатына (2-қосымша) сәйкес және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы «ҚазМұнайгазҒЗЖИ»-дың аккредиттелген зертханасының әдістемелері бойынша ұйымдастырылады.

Зертханалық жұмыстар барысында кіріс бақылауы, кәсіпшілік суларымен және деэмульгатормен үйлесімділігі, реологиялық қасиеттерінің кешенді зерттеулері, термиялық және механикалық деструкцияға төзімділігін бағалау, сондай-ақ сүзгілеу (фильтрациялық) зерттеулері жүргізіледі.

Қаламқас кен орны бойынша жалпы геологиялық ақпарат 3-қосымшада ұсынылған (ерітінді дайындауға және айдауға пайдаланылатын альб-сеноман суының қасиеттері, Ю-1С нысанының геологиялық-физикалық параметрлері).

Осы жобаға қызығушылық танытқан жағдайда, қатысатыныңызды жазбаша түрде растауыңызды және 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын 2026 жылғы 10 тамызға дейін ұсынуыңызды сұраймыз.

Зертханалық зерттеулер басталғанға дейін «ММГ» АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалы «ҚазМұнайгазҒЗЖИ» мамандары ұсынылған техникалық және рұқсат беру құжаттамасына сараптама жүргізіп, химиялық реагент өндірушілері/жеткізушілерін зертханалық зерттеулерге жіберу мәселесін қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда химиялық реагент өндірушісі/жеткізушісі жобаның келесі кезеңдеріне жіберілмейді.

Зертханалық зерттеулер кезеңіне (бұдан әрі – ЗЗ) жіберу немесе дәлелді бас тарту туралы жауап конкурсқа қатысуға келісім хаты алынған күннен бастап (құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда) он жұмыс күні ішінде беріледі.

Сондай-ақ, мерзімдердің тығыз болуына байланысты және зертханалық зерттеулер кезеңіне жіберілген жағдайда, жарамдылық мерзімі мүмкіндігінше ұзақ тәжірибелік химиялық реагент үлгілерін және оларды сүйемелдейтін техникалық құжаттаманы (техникалық паспорт, техникалық шарттар, қауіпсіздік паспорты, өндіріс сертификаты және 4-қосымшаға сәйкес өзге де құжаттар) 2026 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей «ММГ» АҚ-ға ұсынуға дайын болуыңызды сұраймыз.

Қосымша сұрақтарды мына мекен-жайға жолдауға болады:

1.  Жубаниязов Саламат Косаевич – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсiпшiлiк геология және кен орындарын игеру департаментiнiң жетекшi геологы.. Тел. +7 7292 215 216; e-mail: S.zhubaniyazov@mmg.kz

  • 2.    Жайлыбай Амандык Камысбайұлы – «Қазмұнайгаз ҒЗЖИ» «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалының қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру басқармасының сарапшысы. Тел. +7 7292 701 606 3332; e-mail: mailto:a.zhailybay@kmge.kz


Қосымша 1 Стоимость исследований полимеров в Центре научных лабораторных исследований Филиала ТОО «КМГ Инжиниринг» «КазНИПИмунайгаз» - 2 листа.

Қосымша 2 «Типовые правила организации подбора, проведения испытаний, внедрения и входного контроля химических реагентов в ДЗО АО «НК «КазМунайГаз» - 31 лист.

Қосымша 3 «Геолого-физические параметры и свойства пластовых флюидов по месторождениям АО «ММГ» - 1 лист.

Қосымша 4 Список обязательных материалов по химическим реагентам – 1 лист.

Қосымша 5 Описание технологии – 3 листа.