Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

18 мамыр, 2022

Бүгін Қаламқас және Жетібай кенорындарында «Үздік маман-2022» дәстүрлі кәсіби байқаудың 1-ші кезеңі басталды.

 

Аталған байқауда мұнай және газ өндіру жөніндегі операторлар, слесарь-жөндеушілер, қабат қысымын ұстау жөніндегі оператор, электргазбен дәнекерлеушілер, токарлар, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторлар және химиялық талдау зертханашылары бақ сынайды.

Байқаудың ашылу салтанатында өндірістік басқарма басшылары қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жыл сайын өз мамандығының сайыпқырандарын сынға салып, жүзден жүйрік шыққандарды анықтау бүгінде – Компаниямызда  жақсы үрдіске айналғанын, сондай-ақ,  аталған сайыс  бір салада еңбек ететін әріптестердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдау, еңбекке ынталандыру мақсатын көздейтінін атап өтті.

Байқаудың бірінші кезеңі екі бөлімнен тұрады: практикалық және теориялық. Бүгін қатысушылар практикалық бөлімнен өтеді, ертең теориялық білімдерін тексереді.

Практикалық бөлімде Комиссия мүшелері жұмыс сапасы, нормативтік уақыт пен жылдамдық бойынша тапсырманы орындау, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау, жұмыс орнының мәдениеті бойынша бағалайтын болады.