Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

ДЕПУТАТТАР МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

16 мамыр, 2022

16 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

Мәжілісмен алдағы референдумның елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын және оған енгізілетін Конституциялық түзетулердің прогрессивтілігін түсіндірді. Атап айтқанда, Еділ Жаңбыршин Қазақстан Республикасының Конституциясына қандай түзетулер референдумға шығарылатынына егжей-тегжейлі тоқталды, Парламенттің рөлі мен мәртебесі туралы айтты. Депутат маңғыстаулықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырып, алдағы оқиғаның бүкіл елдің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

Мұнайшылар депутатпен кездесуге белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Осы мазмұндағы кездесу өткен демалыс күндері Қаламқас кенорнында өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев референдум жайында мұнайшыларға толық түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтеді.