Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ-на ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ҚАТЫСТЫ

23 ақпан, 2022

Бүгінгі таңда WhatsApp желісінде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына жұмысқа қабылдау жүріп жатқаны туралы ақпарат таратылуда.

Осыған байланысты, Компанияға жұмысқа қабылдау басталмағанын, әзірге жұмысқа орналастыру механизмі ғана әзірленіп жатқанын хабарлаймыз. Жұмысқа қабылдаудың нақты және әділ алгоритмі анықталғаннан кейін арнайы комиссия құрылады.

Жұмысқа орналасуға қатысты барлық жаңалықтар компанияның ресми сайтында және «Фейсбук» пен «Инстаграмның» ресми парақшаларында дереу жарияланатын болады.

Сіздерден тек ресми ақпаратқа сену сұралады.