Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

ТАҒАЙЫНДАУ

17 ақпан, 2022

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының бастығы болып Болат Сүлейменұлы Сейтмағанбетов тағайындалды.

Б.С. Сейтмағанбетов 1971 жылы 12 ақпанда Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келді.

1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Алматы Менеджмент Университетін  үздік бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы "Қаламқасмұнайгаз"ӨБ №2 МГӨЦ Мұнай және газ өндіру операторы болып бастады.

Әр жылдары инженер-технолог, жетекші инженер, цех бастығы, өндірістік басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

Көп жылғы адал еңбегі, мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін "KAZENERGY" Құрмет грамотасымен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен, Мұнай және газ министрлігінің "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен және т. б. марапатталды.