«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Әлемді дүрліктірген COVID-19 вирусының таралуы әлі де тоқтар емес. Күні бүгінге дейін вирус бірнеше рет түрленіп, мутацияға ұшырады. Соңғы мутация түріне «Омикрон» атауы беріліп, ғалымдар оның қауіптілік деңгейі бұрынғы түрлеріне қарағанда бірнеше есе артқаны туралы айтып жатыр. Жаңа вирус оңай таралып, адам иммунитетін тез әлсірету қасиетіне ие. Сондықтан, сақтық шаралары да бұрынғыдан бірнеше есе артуы керек.
Осы орайда, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (одан әрі - Компания) жауапты құрылымдық бөлімдері вирустың қызметкерлер арасында таралуының алдын алу шараларын күшейтті. Қызметкерлердің медициналық маскаларды қолдануы, асхана мен жатақхана секілді бір мезгілде көп адам шоғырланатын орындарды залалсыздандыру шаралары, ол жерлерде әлеуметтік дистанцияны сақтау, арнайы препараттармен қолды жуу қатаң бақылауға алынды. Вакциянация және ревакциянация мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Вирустың таралуына жол бермеу, алдын алу шараларына мұқият болу тек қана Компанияның емес жалпы жұртшылықтың мүддесі үшін өте маңызды. Жасалып жатқан шараларға асқан жауапкерлішікпен қарамасақ, есеміз кететіні анық. Маңғыстау облысы 12 қаңтар күні қайтадан сары аймаққа өтті. Демек, бұл вирустан келетін қауіптің бетін әлі де қайтпай тұр. Сондықтан, әрбір қызметкерді азаматтық жауапкершілік танытып, бекітілген шараларды бірінші өзі тиянақты орындап, екіншіден жанындағы әріптестерінің де мұқият болуын қамтамасыз етуге үндейміз.