Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Балалар үйіне жаңа жылдық сыйлық

31 желтоқсан, 2009

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ресурстарын басқару департаментінің жас мамандары облыстық балалар үйінің сәбилеріне жаңа жылдық сыйлық жасауды ұйғарды. Бұлардың игі бастамасын компанияның өзге департаменттерінің жастары да қолдады. Өйткені өткізілген тендердің нәтижесі шыққанша сәбилерге сүт өнімдерінен тұратын тағамдар алынбай қалатын қаупі болған. Жас мұнайшылар барлығы 55000 теңге тұратын 20 кг «Нистаже», 70 банкі «Фрукто–няня», 10 бума памперс апарып берді.

Қайырымдылық сыйлығын ұйымдастыруға бастама көтерген жас мамандар Қарлығаш Төлепова мен Гүлнар Сақтапбергенова Сатып алу және материалдық–техникалық қамту департаментінің, Мұнай сату және маркетинг департаментінің, Бизнес жоспарлау департаментінің, Қаржы департаментінің, т.б. қызметкерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, жаңа жылда жаңа табыстар тілейді.

Айтуар Өтегенов
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс тобы жетекшісі