Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Жылдық жоспар артығымен орындалды

01 қаңтар, 2010

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымы 2009 жылғы мұнай өндірудің 5 миллион 450 мың тонна жоспарын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні құрметіне мерзімінен бұрын орындап шығып, жоғарғы орындарға рапорт берген болатын. Компания мұнайшылары жыл аяғына дейін жоспардан тыс 236827 тонна «қара алтын» өндірді. Бұл табысқа «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнайшылары сүбелі үлес қосты.

Айтуар Өтегенов
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс тобы жетекшісі