Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге құрмет көрсетілді

11 қаңтар, 2010

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасы бір топ мұнай ардагерлері – Бас директордың кеңесшісі Тастығараев Амангелді Мұқанұлын, Денсаулық сақтау, спорт және физкультура басқармасы бастығы Тұрарбеков Бердібекті, Автоматтандыру, ақпараттық технология және байланыс басқармасы бастығы Макашев Вячеслав Константиновичті, бас энергетик Ботағараев Атағозыны, Орталық инженерлік–технологиялық қызметі бастығының орынбасары Оразбаев Есенгелдіні 2010 жылғы 11 қаңтарда құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды. Компанияның үлкен мәжіліс залында өткен салтанатты жиынды ашқан Бас директор Айдарбаев Алик Серікұлы оларға ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, компанияның өсіп–өркендеуіне білікті мамандар ретінде өз үлестерін қосқандары үшін Алғыс жариялап, ұлттық шапан жауып, бағалы сыйлықтар тапсырды.

Барлық фотосүреттердi қарау:

Айтуар Өтегенов
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс тобы жетекшісі