Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Ардагер мұнайшыларға-құрмет

11 ақпан, 2010
2010 жылғы 11 ақпан күні Жетібай кенорнындағы №15 жұмысшылар асханасының залында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының, оның орынбасарларының және департамент, қызмет басшыларының қатысуымен «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының бір топ жұмысшыларын (23 адам) зейнеткерлікке құрметпен шығарып салу рәсімі салтанатпен өткізілді.
Салтанатты рәсімнің алғашқы сөздерін Бас директор Айдарбаев Алик Серікұлы және Бас директордың бірінші орынбасары Сунь Синъюнь алып, ардагерлердің кенорнында ұзақ жылдар жұмыс істеп, компанияның табыстарына қосқан үлестері үшін қоғам басқармасының «Алғыс Хаты» мен бағалы сыйлықтарын тапсырды.
Жиында ардагерлер М. Жақсығатов, Л. Осипов, О. Қосшыбеков, акционерлік қоғамның бұрынғы Бас директоры С. Қырымқұлов, қоғам кәсіподақ комитеті төрағасы С. Масатов, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бастығы А. Куванов, қоғам орталық инженерлік-технологиялық қызметі бастығы С. Бижанов, т.б. сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Лебіздер облыстық филармония әртістерінің ән-жырларымен өріліп, биге ұласты.
Салтанат мерекелік дастархан үстінде өткізіліп, ардагерлерге қонағасы берілді.

А. Өтегенов,
жұртшылықпен байланыс тобы