Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Бас мұнайшының мерейтойы

30 наурыз, 2010
Наурыздың 5-ші жұлдызында Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының кiшi залында облыс әкiмi жанындағы ардагерлер кеңесi мен “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлiк қоғамы әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен ҚР жер қойнауының құрметтi барлаушысы, белгiлi геолог, ардагер-мұнайшы Сағын Ерқасұлы Қырымқұловтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған салтанат өттi.
Мерейгер жайлы түсiрiлген бейнефильммен басталған салтанатты жиынды облыс әкiмi жанындағы ақсақалдар кеңесiнiң төрағасы Өмiрзақ Озғанбаев жүргiздi. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ Бас директоры Айдарбаев Алик Серiкұлы мерейтой иесiн құттықтап, ұлттық дәстүр бойынша үстiне шапан жауып, құрмет көрсеттi.
Барша саналы өмірін Маңғыстаудың мұнай-газ кен орындарын барлауға және оны игеруге арнаған геолог-мұнайшы - Сәкеңнiң атына жылы тiлек-лебiздер айтылып, ән шырқалды. Салтанатқа Алматы мен Астанадан, Ресейден келген қонақтар қатысты. Құттықтап сөйлеушiлер қатарында “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ бас директорының геология және геофизика жөнiндегi орынбасары М.Ж. Досмұхамбетов, облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ. Боқанов, «Сентрал Азия Петролеум ЛТД» компаниясының президентi Р.Т. Сарсенов, “Арнаулы машина жасау және металлургия” ашық акционерлiк қоғамының бiрiншi вице-президентi Ю.М. Синицын (Ресей), Түпқараған ауданының әкiмi С.Ө. Трұмов, Ақтау қаласы әкiмiнiң орынбасары Б. Шапқанов, Форт-Шевченко қаласының ақсақалы К. Тұманбаев, геология-минералогия ғылымдарының докторы, “Маңғышлақнефть” өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бұрынғы геология бөлiмiнiң бастығы Мұрат Ибрагим, “Oil Construction Company” ЖШС директоры М.С. Қарымсақова және ардагер-мұнайшылар болды.
Сондай-ақ Энергетика және минералды ресурстар министрлiгiнен, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ, “Қаражанбасмұнай”, “ҚазТрансОйл” компанияларынан, Батыс Қазақстан облысының әкiмi Б. Iзмұхамбетовтен келген құтықтау адрестерi оқылды.
Қонақтарға ескерткiш ретiнде “Сағын Қырымқұлов” кiтабы (баспаға дайындаған – ақын А. Өтегенов) таратылды. Кiтапта мерейгер өмiрiнен деректер, өзi еңбек еткен “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлiк қоғамы туралы мақалалар қамтылған.
Кеш соңында Сағын Ерқасұлы сөз алып, қатысушыларға алғыс сезiмiн бiлдiрдi.

Б. Әбдiхалықова

Барлық фотосуреттерді қарау: