Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Мұнайшылар сайысы

19 мамыр, 2010

Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесі қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары арасында спорттың төрт түрi – шағын футболдан, волейболдан, шахматтан және стол теннисiнен жарыс өттi. Жарысқа акционерлiк қоғамның департаменттері, басқармалары мен қызмет командалары қатысты.
Тартысты өткен сайыстарда шағын футболдан бірінші орынды Әкімшілік мәселелер және әлеуметтік даму департаменті командасы иеленсе, «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларының командалары да өрнектi ойын үлгiлерiн көрсетіп, екінші мен үшінші орындарға қол жеткізді. Волейболдан жүлделі орынды Қауіпсіздік қызметі командасы жеңіп алып, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ - екінші орын, ал Әкімшілік мәселелер және әлеуметтік даму департаментіне үшінші орын бұйырды.
Стол теннисінен өткен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыста С. Тiлегенов (ӘМжӘДД) және М. Ізбатханова (ӘМжӘДД) шеберлiк танытып, бас жүлделердi жеңiп алды. Шахматтан О. Цурцумия (Қауіпсіздік қызметі), С. Байпахов пен А. Безруков («ҚМГ» ӨБ) жеңiмпаздар атанды.

Жеңiмпаздарға акционерлiк қоғамның әкiмшiлiгi атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

С. Темірхасов,
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
физкультура және спорт тобының жетекшiсi

Барлық фотосуреттерді қарау: