Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ақтау қаласында «Мұнайгаз саласының заңдық мәселелері» атты Алғашқы Мамандандырылған аймақтық конференция өткізеді.

01 қыркүйек, 2011

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ақтау қаласында «Мұнайгаз саласының заңдық мәселелері» атты Алғашқы Мамандандырылған аймақтық конференция өткізеді.

Біз осы жылы Маңғыстау мұнайының 50-жылдығын тойлаудамыз. Соңғы онжылдықта мұнай саласы қазақстандық экономиканың қозғаушы күшіне айналды. Бүгінде мұнайгаз саласы – анағұрлым ірі әрі қарқынды даму үстіндегі сала. Мұнай саласында, кез-келген экономика саласы секілді шешілуі жалпылай алғанда саланың дамуына үлесін қосатын мәселелер бар. Соның ішінде, сөзсіз, мұнайөндіруші компаниялардың заңмен қамтамасыз ету мәселелері және мемлекетпен қатынастағы өзекті мәселелер ерекше орын алады, себебі кәсіпорынның құқықтық қызметін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру мемлекет қатынастарының құрылуы мен әрі қарай даму үдерісі және мұнайөндіруші саланың ажырамас бөлігі болып табылады. Мұнайгаз саласының айрықша маңызы бар құқықтық аспектілерін жан-жақты және ашық түрде қарастыру үшін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ақтау қаласында «Мұнайгаз саласының заңдық мәселелері» атты Алғашқы Мамандандырылған аймақтық конференция өткізеді. Конференцияның мақсаты – саланы құқықтық басқару қалай өзгергенін көрсету, әдетте компаниялар қандай маңызды мәселелерге тап келеді, және ең ірі заңдық компания кеңесшілерімен біріге отырып осы мәселелердің шешімін табу. Сондай-ақ, пікірталастық бөлімінде компанияның тәжірибесімен бөлісуге және мұнайгаз саласы кәсіпорындары арасында әріптестік орнатуға болады. Мұндай шара кәсіпорынды басқаруды жетілдіруге, практикалық білімнің деңгейін көтеруге, тәуекелді азайтуға, заңнамалардағы мәселелерді зерттеп білуге, қарым-қатынас шеңберін ұлғайтуға және т.б. көмектеседі. Барлық аталған міндеттер мұнайгаз саласы кәсіпорындарының тиімді жұмыс атқаруына тікелей байланысты. Конференцияға қатысуға Ақтау қаласының мұнайгаз саласындағы 25 компаниясын, 10 тәуелсіз кеңесшіні, біріккен және шетелдік компания өкілдерін, БАҚ өкілдерін тарту жоспарланып отыр. Конференция 2011 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 09-00-де Ақтау қ, Grand Hotel Victory-де өтеді. Конференция туралы толық ақпаратты 8 (7292) 215-219 телефонынан алуға болады.