Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«СЕНІМ - 2014» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ «ӘЛЕУМЕТТІК-ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫНДА БІРІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

05 сәуір, 2014

2014 жылдың 3-4 сәуір күндері «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларының қамқорлығымен Астана қаласында өткен IX адам ресурстарын басқару бойынша халықаралық конференция барысында «Сенім - 2014» Республикалық байқау нәтижелері жарияланды.

HR – менеджерлер Қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 100-ге жуық компания қатысып, «Ең озат ұлттық жұмыс беруші компания», «Ең озат ұлтаралық жұмыс беруші компания», «Ең озат өндірістік жұмыс беруші компания», «Ең озат халыққа қызмет көрсету саласындағы жұмыс беруші компания», «Ең озат өндірістік жұмыс беруші компания», «Ең озат халыққа қызмет көрсету саласындағы жұмыс беруші компания», «Үздік HR-жоба», «Әлеуметтік-әріптестіктің ең үздік жобасы» номинациялары бойынша сынға түскен. Өткен жылдың қараша айында басталған байқау мақсаты адам қорының маңыздылығын түсінетін және өз қызметкерлеріне ең жақсы жағдайлар жасайтын компанияның еңбегін қоғамдық тану, жалпы сеніміне ие болған компанияларды анықтап, марапаттау болып табылады. Қортындысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Әлеуметтік-әріптестіктің ең үздік жобасы» номинациясында жеңімпаздар қатарына кіріп, 1-орынды иеленді. Бұл жеңіс -Компаниямыздың корпоративті әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстанатынын тағы бір дәлелдеді.