Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide

Ақпараттық хабарлама!

23 мамыр, 2014

Ақпараттық хабарлама!

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қолдауымен Білім беру бағдарламасы шеңберінде «Ғылыми күрес» атты жаңа телевизиялық білім беру бағдарламасының ашылуы туралы хабарлайды.

Байқау 2 кезеңде өтеді, өтінімдер 2014 ж. 31 шілдеге дейін қабылданады.

Жобаның мақсаты: Қазақстанның оқушылары, студенттері арасында интеллектуалды дағдыларды дамыту, инновацияларға жаңа көзқараспен қарау, ғылымға деген қызығушылықты ояту.

Қысқаша сипаттамасы: қатысушылардың күрделі ғылыми ақпаратты барлығына қарапайым тілмен жеткізуі. Ғылыми жаңалықтарды, өз зерттеулерін немесе өнертабыстарын қазіргі заманғы технологияларды қолданып, сонымен қатар тұрмыстық және күнделікті құралдарды пайдаланып таныстыру.

Кім қатыса алады: мектеп оқушылары, студенттер мен әртүрлі жастағы жас мамандар.

Байқауға қатысқысы келген тұлғалар Өтінімді толтыруы және Байқау ережесіменсілтеме танысуы тиіс

Барлық сұрақтар бойынша scienceshow@kazenergy.com электрондық мекенжайына немесе 8 (7172) 79-01-84, 79-01-74 телефондарына хабарласуды сұраймыз.