Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Құрметті әріптестер, қымбатты мұнай-газ саласының ардагерлері!

04 қыркүйек, 2014

Шын көңілімнен Сіздерді Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыстарға жетулеріңізге тілектеспін!

Осы айтулы күні Компанияның барлық жұмыскерлеріне адал еңбектері мен керемет нәтижелері үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша біздің компания 86 000 тоннаға кесте көрсеткішімен алда келеді. Жоспардағы 4 млн. 083 мың тонна мұнайдың кәзіргі таңда 4 млн. 170 мың тоннасы өндірілді. Осы нәтижеге Біз «Маңғыстаумұнайгаз» бен мердігерлік ұйымдардағы ұйымшыл да жатыққан ұжым еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Біздің ұжымымыздың артында үлкен әрі мол тәжірибеге толы жол жатыр. Жоғары кәсібилік, жетістікке ұмтылған команданың жаттыққан жұмысы, озық менеджмент пен қабылданатын шешімдердің ой елегінен өткізілуі, инновациялық тәсілге деген батылдық - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның тиімді қызметтегі талассыз кепілі болып қала бермек. Мұнай-газ саласының табысты жұмысын әрине адамдар қамсыздандырады. Әр адам ол - жұмысшы, маман, инженер, есепші немесе мұнай компаниясының топ-менеджері болмасын, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге өзінің жеке үлесін қосады. Ол дегеніміз, сіздің мәртебелі еңбегіңіздің арқасында елдің келешегі мен оның экономикалық және саяси жағдайы бекемделеді. Мұнай-газ кешенінің барлық еңбеккерлеріне үлкен сабырлық пен батырлықты және жанкештілікті талап ететін керемет жұмыстары үшін шын көңілімнен алғыс айтқым келеді! Мұнай-газ кешенінің нағыз кәсіби командалары Қазақстан игілігі үшін мемлекет қойған мақсаттарды жетістікпен орындайтынына сенімдімін. Сонымен қатар, Маңғыстау жерін игеру тарихына жол ашып, үлкен әрі маңызды істі бастауға септігін тигізген мұнай-газ саласының ардегерлеріне айрықша алғыс айтамын. Тағдырларында Маңғыстаудың дамуы ашық түстермен жазылған Сіздерге денсаулық, игілік және қуаныш тілеймін!

Құрметті әріптестер, достар, қадірлі ардагерлер!

Тағыда Сіздерді кәсіби мейраммен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бибітшілік, тұрақтылық, игілік пен ертеңгі күнде деген сенімділік тілеймін! Сіздерге және жақындарыңызға бақыт дарысын!

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы