Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

25 желтоқсан, 2014

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Мұнай өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шыққан жоғарғы көрсеткішімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!

Біз даңқты еңбек тарихы бар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрамындағы үздік компаниялар қатарына кіретінін және мұнайшыларымыз еңбек дәстүрлерін қадірлеп қастерлейтінін мақтан тұтамыз. Еңбек ұжымдарымыздың келісімді жұмысы оң нәтижелерін беруде. 2014 жылдың 24 желтоқсан күні 6 млн. 151 мың тонна мұнай өндірілді, ол «қара алтын» өндірудің жылдық тапсырмасын мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы атынан, Директорлар Кеңесі атынан мінсіз ерен еңбектеріңізге ізгі құрметімізді және шын ниетті алғысымызды білдіреміз.

Компаниямыздың, Сіздердің жетістіктеріңізге аса мақтанышты екендігімзді білдіреміз! Сіздер – үлкен де ұйымшыл өндірістік ұжымсыз. Жақын болашақта жаңа рекордтар мен жоғарғы көрсеткіштерге жететіндеріңізге сенімдіміз!

Сіздерге шын жүректен одан әрі табыс, зор денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат пен 2015 жылы жаңа еңбек жетістіктер тілейміз!

Ізгі тілектермен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы