Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

«КӨКТЕМ-2015» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

16 наурыз, 2015

«Көктем-2015» республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығу аясында 2015 жылдың наурыз айының 6-шы жұлдызында Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Қосбаев Қажымұқан және төтенше жағдайлар бөлім бастығы полковник Муханбетов Манарбек қатысуымен Қаламқас өндіріс орны «Қаламқасмұнайгаз» басқармасының өндірістік аумағындағы судан қойма тоғанының аумағында «Қаламқас өндіріс орындағы тоғанның бұзылуынан туындаған, апаттың салдарын жою» тақырыбында кешенді жаттығу жүргізілді.

Оқу-жаттығудың алған қойған мақсаты: Қаламқас өндірістік аумағында судан қойма тоғанының бұзылып, су тасқыны кезінде орын алған төтенше жағдайларды жоюға апаттық-құтқару командасының, медицина, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар қызметтерінің қаншалықты дайын екендігі тексеріліп және олардың қабілеттілігін арттыру болып табылады. Оқу жаттығу барысында аталған қызметтердің төтенше жағдайлар кезінде жедел кимылдау, апаттық құтқару, медициналық көмек көрсету практикалық деңгейлері пысықталады. Су тасқыны кезінде орын алған төтенше жағдайлар салдарын жою үшін жасақталған жоспар нақтыланып және іс-әрекет ету қимылдарды шұғыл ұйымдастыру, материалдық құндылықтарды сақтау сынды жұмыстар жүргізіледі.

Жаттығуға Қаламқас өндіріс орны аймағында орналасқан барлық шаруашылық объектілері жұмылдырылды.

2015 жылдың наурыз айының 6-шы жұлдызында таңғы сағат 8-де «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ орталық инженерлік техникалық қызметіне судан қойма тоғанының бұзылып, МГӨК-4 мұнай ұңғымаларын су басу қаупі туындағаны туралы «Дауылдық ескерту» дабылы келіп түсті.

«Дауылдық ескерту» дабылы түскеннен кейін, шұғыл құтқару жұмыстарына кіріскен «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар қызметі, Қаламқас вахталық поселкасының дәрігерлік амбулаториясы, қауіпсіздік қызметі және «Ойл Констракшн Компани» ЖШС транспорт және арнаулы техникалар басқармасы, «Мұнайтелеком» ЖШС автоматтандыру және байланыс цехы, «Ойл Сервис Компани» ЖШС сервистік мекемелердің төтенше жағдайлар кезінде жедел іс-әрекетке көшіп құтқару жұмыстарын жүргізу шараларына баға беріліп, төтенше жағдайға қаншалықты дайын екендігі тексеріліп және пысықталды.

Апаттық-құтқару жұмыстарының жоғарғы дәрежеде жүргізілгендігінің нәтижесінде МГӨК-4 мұнай ұңғымаларын су басу қаупі сейіліп, ол туралы «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығына баяндалып және «Күнделікті жұмыс тәртібіне өту туралы» өкім шығарылды. Өкімнен соң жаттығуға қатысушылар жиналып, техникалар тұрақты орнына қайтарылды.

Оку-жаттығуда жоспарланған барлық тапсырмалар орындалып, зардап шегушілер құтқарылып, апаттық жағдай жойылды. Осылайша азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің ұйымдастыруымен өткен Қаламқас өндіріс орнындағы оқу-жаттығу шарасы жақсы деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.