Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Жаңа технологиялар – заман талабы

29 мамыр, 2015

Барлығы біздің - бақылауымызда!

Жаңа мүмкіндіктерін ұсынған заманауи телекоммуникациялық құралдар мен ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда, оларсыз күнделікті өмірді елестету мүмкін емес. Қазіргі таңда басқару процесін оңтайландыру үшін кез-келген кәсіпорында әр-түрлі бағдарлармалардың жеделдетілген түрі қолданылады. Ақпарат пен техниканы тиімді меңгерген қызметкер өз мамандығы саласында жаңаша ойлау қабілетіне ие болады, туындаған мәселелерді шешудің озық жолдарын қарастырады.

Жақында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратында Ситуациялық орталық ашылды. Орталықтың мақсаты - техникалық автокөліктердің қозғалысын реттеу, ұңғымаларды жөндеу мен бұрғылау кезіндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, өндірісте орын алатын апаттық жағдайлардың алдын-алу арқылы тез арада шешімін табуға жәрдемдесетін жоғары технологиялық бағдарламаны қолданысқа енгізу арқылы өндіріс процестерінің тиімділігін арттыру.

Орталықтың тұсаукесерінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Б.Иманбаев ситуациялық орталықтың мүмкіндіктерін жоғары бағалай отырып, осы жүйенің жасалуы мен енгізілуіне атсалысқан қызметкерлерге алғыс айтты:

Орталық «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ экономикасында маңызды рөл атқармақ. Ауқымды жұмыстар жасалды, мұнай бағасына байланысты қалыптасқан күрделі кезеңде өте маңызды жобаны іске қосып жатырмыз, бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан, барлық жұмысшыларды осы орталықтың құрылғандығынан хабардар етуді тапсырамын. Жүйені онан әрі жетілдіру үшін қосымша техникалар мен құрал-жабдықтар сатып-алуға компания қаржылай қамтамасыз ету алғашқы кезектегі мәселе, - деп жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Үстіміздегі жылы Қоғам басшылығының бастамасымен Ситуациялық орталық құру туралы шешім қабылданған болатын. Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде және Қаламқас, Жетібай өндіріс нысандарында ситуациялық орталықтың жұмыс жасауына жағдай жасайтын арнайы техникалық құралдармен жабдықталған, бөлмелер бөлініп, қажетті құрылғылар орнатылды.Ситуациялық орталықтың тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қауіпсіздік қызметкерлерінен жасақталған арнайы жұмысшы топтары құрылып, өз жұмыстарын бастады. Кез-келген уақытта оператор белгілі-бір жағдайды компьютер мониторынан үлкен экранға шығарып, қажетті шараларды қолданады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «ОТК» ЖШС компанияларының автокөлік құралдарына GPS мониторинг жүйесін енгізу ең бірінші кезеңде тұр. GPS мониторинг көмегімен нақты бір уақыт аралығындағы көліктің жол жүру қозғалысын талдауға және қадағалауға мүмкіндік бар. Әрбір автокөліктің жылдамдығын, жанармай деңгейін, жүрісін, аялдамасын, сондай-ақ автокөліктің техникалық жай-күйін бақылаумен қатар, автокөлік бұзылған жағдайда дереу оқиға орнына техникалық көмек тобы жіберіледі. Мысалы, «Өзенмұнайгаз» АҚ компаниясы GPS мониторинг көмегімен 1 жыл ішінде миллиондаған қаржы үнемдеген. Біздің компаниямызда 20 мамырдан бері тестілік жүйеде жұмыс жасаған GPS мониторингі 1 аптаның ішінде 100 тәртіп бұзушылықты (жылдамдықты асыру, автокөліктің жол жүру бағытының өзгеруі т.б) анықтады. 1 маусымнан бастап GPS мониторингі жоспарлы тәртіпке көшті.

Ситуациялық орталықтың ен басты жаңалығы - ұңғымаларды жөндеу мен бұрғылау кезіндегі жұмыстарды бақылау. ААТжБД департаментінің ақпараттық деректемелер базасы бөлімінің бастығы Әділ Әбдіхалықовтың сөзіне сүйенсек, оператор тежегішке түсетін жүктің параметрлерін, жуып-шаятын сұйықтықтың қысымын, гидролық жүйедегі қысымды, қозғалмалы бөліктегі айналым санын, бұрғылау ерітіндісінің шығуын, көтерілу операциясындағы жылдамдықтарына тұрақты мониториг жүргізеді. Бұрғылау бригадасының жасап жатқан ағымдағы жұмысын онлайн-режимінде де бақылауға болады. Қазіргі таңда 4 бұрғылау бригадасының мониторингісі жүргізіліп отыр, келешекте бұл жүйеге екі ұңғымаларды күрделі жөндеу мен ұңғымаларды өндірістік жөндеу бригадасы қосылады. Бұдан өзге, видеобақылау жұмыс жасамақ, бұл - жасалынған жұмыстың көлемін, бригада құрамын, ауысымға қанша адамның шыққанын, бұрғылау бригадасының жұмысын жедел бақылау.

- Ситуациялық Орталықтың құрылуы және дамуы – бұл жүйеленген іс-шаралардың кешені. Орталық компанияның өндірістік үдеріс тиімділігін анағұрлым жоғарылатуды көздейді,-дейді қауіпсіздік қызметінің рұхсатнамалық тәртіптеме және инженерлік-техникалық қорғау бөлімінің бастығы О.Обижаев.