Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» - ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІ

29 тамыз, 2016

26 тамызда Алматы қаласында Қазақстан және Ұлттық бизнес-рейтингтер Одағына қатысушы елдердің экономика көшбасшыларын марапаттау рәсімі болып өтті.

Ұлттық бизнес рейтингтер Одағы көп жылдар бойы бірлестік елдеріндегі экономика көшбасшыларын анықтап келеді.

Үстіміздегі жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Халықаралық сайыс жеңімпаздарының бірі болып танылғаны қуантады.

Ресми статистика деректері негізінде жасалған статистикалық саралау нәтижесінде «Маңғыстаумұнайгаз» «Жыл ішінде пайда табу» номинациясында Қазақстандағы үздік мекеме атанды, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша қаржылық-экономикалық қызмет бағытындағы үш номинация – «активтер мен капитал көсеткіштері», «кірістілік көрсеткіштері», «өтімділік көрсеткіштері» бойынша бірінші орынды иеленді.

Бұл мұнайгаз өндіру саласы бойынша ең үздік көрсеткіштер болып шыққандықтан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына «Сала көшбасшысы» мәртебесі берілді.

Салтанатты марапаттау рәсімінде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Бас директоры Бақыт Иманбаев пен Бас директордың бірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн мызаларға «Сала көшбасшысы 2016» алтын медалі, «Сала көшбасшысы» ресми Ұлттық VIP-сертификаты мен «Экономика мақтанышы» ордені табысталды.

- Бұл марапат – компаниямыздың жоғары өндірістік, экономикалық және әлеуметтік мәртебесінің жалпы мемлекеттік деңгейде мойындалғаны – деді Бақыт Иманбаев. – Бұл «Маңғыстаумұнайгаздың» Қазақстан Республикасы экономикасына қомақты үлес қосып отырғанын, мұнайгаз өндіру саласында жоғары беделге ие болғанын мойындау. Бірақ ең бастысы – бұл «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің әрқайсысының көп жылдық ерен еңбектерінің нәтижесі, бұл – бүкіл ұжымның табысы!