Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«ҮЗДІК МАМАН - 2017»: ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗДЫ

01 тамыз, 2017

«Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да міндетті түрде кәделеріңе жарайды».

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:

өсім, реформалар, даму» Жолдауынан, 2017 жыл

Үстіміздегі жылдың шілде айында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармалары арасында «Үздік маман» кәсіби біліктілік байқауы болып өтті. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл байқауға мұнайшылар жылдағыдай белсене қатысты. Қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін өсіріп, жұмысшылардың теориялық және тәжірибелік білімін сараптайтын байқаудың теориялық бөлімі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас офисінде, ал тәжірибелік бөлімі Жетібай кенорны мен орталық өндірістік қызмет көрсету қызметінің аумағында ұйымдастырылды. Байқауға жеті түрлі кәсіп мамандықтары бойынша барлығы 102 қызметкер қатысып, өз біліктіліктерін сынға салды.

Мұнайшылар арасындағы «Үздік маман – 2017» байқауының ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бастығы Жолдасбек Ешманов қатысушыларға құттықтау тілегін жеткізді.

– «Құрметті «Үздік маман» байқауына қатысушылар! Бүгін Сіздердің сынға түскелі тұрған сәттеріңіз. Байқау бірінші рет емес, бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Мұнда біліктіліктеріңді шыңдап, жарысу арқылы бір-біріңнен үйреніп, тәжірибе жинақтайсыңдар. Бүгінгі байқауда оза шапқандарың «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниялары арасында өтетін сайысқа жолдама алып, Компаниямыздың намысын қорғайсыңдар. Сондықтан сынақтан сүрінбей өтіп, артылған сенімді абыроймен ақтаңыздар!».

- Байқаудың мақсаты - жұмысшы мамандардың еңбекке деген құлшынысын арттыру, үздік тәжірибені баршамен бөлісу, кәсіби біліктілікті жетілдіріп, теориялық дайындық деңгейін көтеру және корпоративтік рухты күшейту. Жалпы бұл сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі компания ішінде өтеді. Бірінші орын алған жеңімпаздар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өткізетін екінші кезеңге жолдама алады - деді өндірістік департаменті бас механик бөлімінің бас механигі Ғарифолла Ищанов.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Айдинов та қатысушыларға сәттілік тілеп, артылған сенім үдесінен шығатынына сенім білдірді.

Сайыстың алғашқы күні қатысу-шылардың теориялық білімі тексеріліп, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруіне мән берілді. Ал, сайыстың екінші күнінде қатысушылар дәрігерлік тексерістен соң техникалық қауіпсіздік нұсқамасынан өтті. Комиссия төрағасы байқау тәртібін түсіндіріп, қатысушылар жеребе бойынша дода алаңына шығуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, мамандардың өз шеберліктерін көрсету ісі де басталды. Әр мамандық бойынша комиссия құрылып, оның мүшелері тапсырмалардың қауіпсіздікке аса мән беріле отырып, орындалуын қатаң қадағалады. Қойылған талап бойынша қатысушылар тапсырманы сапалы әрі белгіленген уақыт мөлшерінде орындауға күш салды. Екі күн бойына өткен сайыста жеті аталым бойынша озаттардың аты аталып, марапаттары табыс етілді.

Жыл сайын өткізілетін сайыста бақ сынайтын бес кәсіп иелерінің қатарына биыл токарь және қабатқа жұмыс агентін айдау жөніндегі сораптар стансасының машинисі мамандары қосылды.

Осылайша сайыс қорытындысында жүлдегер атанған 1, 2, 3 орын жеңімпаздарына айлық жалақы мөлшеріне бір жыл бойы 30, 20, 10 пайыз көлемінде қосымша ақы төленетін болды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің атынан қаржылай сыйақылар қарастырылған. Тағы бір атап өтетін марапат, ол шведтің атақты өнеркәсіптік ESAB (Elektriska Svetsnings-Aktiebolaget) компаниясының Ақтау қаласындағы дилері орын алған жүлдегерлерге фирмалық электргазбен дәнекерлеушілерге арналған маска, қолғап және көзәнекті сәйкесінше 1, 2, 3-орын иелеріне табыстады.

Сондай-ақ, «Үздік маман» сайысынан 1-орынды иеленген үздік мамандар күзде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниялары арасында өтетін сайысқа қатысады. Екінші кезеңдегі сайыстың жүлдесі 1-орын үшін 100 АЕК; 2-орын үшін 70 АЕК; 3-орынға 50 АЕК болмақ. Бұл да өз кезегінде сайысқа қатысушыларды ынталандыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Электргазбен дәнекерлеушілер:

1-орын - ӨД БМБ ОӨҚҚ-нің «ЖМГ» ӨБ БТСС мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына сервистік қызмет көрсету учаскесінің 5 дәрежелі электргазбен дәнекерлеушісі Рахман Құдайбергенов,

2-орын - «Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ 5 дәрежелі электргазбен дәнекерлеушісі Мейрамбек Сейітқалиев.

3-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ПЖПЖЦ қауіптілігі 5 дәрежелі электргазбен дәнекерлеушісі Қамысбай Егізеков.

Слесарь-жөндеушілер:

1-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ МГӨЦ-1 3 д. жөндеуші-слесарі Абдол Бижанов,

2-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ ГАТж/еГШПЦ газ жабдықтарын жөндеу және пайдалану жөніндегі 5 д. слесарі Ұлықпан Бердіқожаев,

3-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ МГӨЦ-3 4 д. жөндеуші-слесарь Әділет Абижанов.

операторлар арасында мұнай және газ өндіру жөніндегі үздік операторлар:

1-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ МГӨЦ-3 мұнай және газ өндіру жөніндегі 3 д. оператор Болатбек Отаров,

2-орын - «Жетібаймұнайгаз" ӨБ МГӨЦ-1 мұнай және газ өндіру жөніндегі 4 д. оператор Сәкен Саметдинұлы,

3-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ МГӨЦ-3 мұнай және газ өндіру жөніндегі 4 д. оператор Ернар Қожаев.

Қабат қысымын ұстау жөніндегі операторлары:

1-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабат қысымын ұстау жөніндегі 3 д. оператор Нұрбол Еділов,

2-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабат қысымын ұстау жөніндегі 4 д. оператор Аманбек Төлеубеков,

3-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабат қысымын ұстау жөніндегі 4 д. оператор Серікбол Оразбек.

Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторлар:

1-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҒЗж/еӨЖЦ мұнай кәсіпшілігі зерттеулері ғылыми-зерттеу лабораториясы ұңғымаларды зерттеу жөніндегі 3 д. оператор Әліби Жақосов,

2-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҒЗж/еӨЖЦ мұнай кәсіпшілігі зерттеулері ғылыми-зерттеу лабораториясы ұңғымаларды зерттеу жөніндегі 4 д. оператор Нұрболат Садықов,

3-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҒЗж/еӨЖЦ мұнай кәсіпшілігі зерттеулері ғылыми-зерттеу лабораториясы ұңғымаларды зерттеу жөніндегі 3 д. оператор Батырбек Көшбаев.

«Токарь» кәсібі бойынша:

1-орын - ӨД БМБ ОӨҚҚ-нің жөндеу-механикалық учаскесі 5 д. токарь Рахат Иманов,

2-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ ПЖПЖЦ механикалық учаскесі 4 д. токарь Рахат Секов,

3-орын - ӨД БМБ ОӨҚҚ-нің жөндеу-механикалық учаскесі 5 д. токарь Нұрлан Чимбаев.

«Қабатқа жұмыс агентін айдау жөніндегі сораптар стансасының машинистері»:

1-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабатқа жұмыс агентін айдау жөніндегі сораптар стансасының 5 д. машинисі Қуат Қуанышев,

2-орын - "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабатқа жұмыс агентін айдау жөніндегі сораптар стансасының 3 д. машинисі Асхат Арыстанбай,

3-орын - "Жетібаймұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабатқа жұмыс агентін айдау жөніндегі сораптар стансасының 3 д. машинисі Данияр Әбілов.

Лебіздер

Болатбек Отаров, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 3-ші МГӨЦ 3 дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы:

«Үздік маман» байқауында бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Жылда өткізілуінің бір тиімді тұсы, мамандар сайысқа қатыссам деп жыл бойына талпынады, ізденеді дегендей. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған, сол үшін де басшылыққа рахмет!

Оразбек Серікбол, "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ҚҚҰЦ қабат қысымын ұстау жөніндегі 4 д. операторы:

Бүгінгі сайыста үшінші орынды иелендім. Әрине, ең бастысы орын алу емес, қатысу, тәжірибе алмасу. Көрген-білгеннің артықтығы жоқ. Теориялық білімді өндірістегі еңбекпен ұштастыра білудің маңызы зор, екеуі астасқанда ғана ісің алға жүреді. Еңбегіңнің өнбегін көрген жақсы ғой. Мен өз жеңісіме ризамын.

Мейрамбек Сейітқалиев, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ 5 дәрежелі электргаз дәнекерлеушісі:

Мұндай сайыстардың үнемі өтуін қолдаймын. Себебі маман шыңдалып, әрдайым білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Мен бүгін 2 орын алдым, ал жеңімпаз атану адамды қанаттандырады. Сондықтан, байқаудың берері көп.

Нұрбол Еділов, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ 3 дәрежелі қабат қысымын ұстау операторы:

Байқау өте тартысты өтті. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде мықты дәлелдей алған қатысушылардың қай-қайсысы да өзінше мықты. Бүгін бағым озып, жүлделі орын маған бұйырды. Қыркүйек айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниялары арасында өтетін сайыста да Компаниямның абыройын лайықты қорғауға уәде беремін. Алда келе жатқан мұнайшылар мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын.

Абдол Бижанов, «Жетібаймұнайгаз» 1-ші МГӨЦ 3 дәрежелі слесарь-жөндеушісі:

Биылғы байқауда бағым жанды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Қиындығы да болды. Үлкен үмітпен келген едім, үмітім ақталды. Өте қуаныштымын. Әрине, мәселе жүлдеде емес. Мұндай сайыстар арқылы біз шеберлігімізді шыңдаймыз. Енді жүктелген жауапкершілікті сезініп, үмітті ақтауға тырысамыз.

Рахат Иманов ӨД БМБ ОӨҚҚ-нің жөндеу-механикалық учаскесінің 5 д. токарі:

Біздің кәсіп мамандары байқауға биыл алғаш рет қатысып отыр. Өз әріптестерім арасында жүлдеге мен ие болдым. Үздік маман атану зор мәртебе болғанымен, мұндай атақтың жауапкершілігі де үлкен екен. Алда үлкен сайыс күтіп тұр. Білдірілген сенімді ақтап,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниялары арасындағы жарыста да үздік атансам деген арманым жоқ емес. Осы орайда байқауды ұйымдастырып, өз білім деңгейімізді сынап көруге мүмкіндік берген басшылыққа зор алғыс білдіремін.

А.Ақшаева