Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

БАСҚАРМА МАРАПАТЫ

10 қазан, 2017

Компания тынысы

9 қазан күні Қоғам Басқармасы компаниямызға қос жеңіс сыйлаған мұнай саңлақтары - «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының №1 цехының слесарь-жөндеушісі Абдол Бижанов пен өндірістік департаменті жөндеу-механикалық учаскесінің токары Рахат Имановты салтанатты түрде марапаттады. Ұжым алдында жеңімпаз мұнайшыларды қабылдап, алғыс білдірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Бақыт Иманбаев оларға еңбек жемісін, шеберлік шыңын бағындыра беруге тілектестігін білдіріп, бірінші орынға бір айлық жалақы мөлшерінде, үшінші орынға айлық тарифі мөлшерлемесінен 50 көлемінде сыйақы тағайындалғандығы туралы бұйрықты жариялады.

Осындай марапат жеңімпаздарды сайысқа дайындаған тәлімгерлері - бас механик Қуаныш Ізденбаев пен жетекші механик Марат Бимағамбетовке де тиесілі болды.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Айдынов бірінші орын алған жеңімпаз Абдол Бижановқа алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыстады.