Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

02 қараша, 2018

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 бабының талаптарын орындау жолында, дауыс беруші акцияларының иегер акционерінің 2018 жылдың 02 қарашасында №13/11-2018 шешімімен 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жай және пұрсатты акцияларының иегерлеріне дивиденд төлеуді ұйғарды.

1) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат.

Қоғамның банктік деректемелері: «Қазақстанның жинақтау халық банкі» АҚ, БСН 990140000483, ИИК KZ636010231000040129, КБе 17, БСК HSBKKZKX.

2) Дивиденд төленетін мерзімі - 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша.

3) Дивидендтің бір пұрсатты акцияға шаққандағы мөлшері – 677 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).

4) Дивидендтің бір жай акцияға шаққандағы мөлшері – 677 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).

5) Дивиденд төлеу2018 жылдың 06 қарашасынан басталады.

6) Дивиденд төлеу тәртібі мен формасы – дивиденд оны алу құқығына ие акционерлердің тізімі бойынша, қолма-қол емес, акционерлердің банктік шоттарына аудару тәсілі арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамның дивиденд төлеу мәселелері бойынша хабарласу деректемелері:

Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат, Қаржы департаменті, тел.: 211-857.

www.mmg.kz