«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Қараша айының 27 күні «Мұнайлы өлке» қайырымдылық қоры Қамқорлық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Қор есеп шотына қыркүйек және қазан айлары есебінен жиналған қаражаттың жұмсалуы талқыланды. Нәтижесінде, арыздарды қарастыра келе, Кеңес мүшелері әріптестеріміз - материалдық-техникалық жабдықтау қызметінің слесарь-жөндеушісі Б. Есжановтың ұлы Тыныштық пен «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы газ өңдеу, дайындау және тасымалдау цехының жөндеушісі Н.Қыдырсиықовтың ауыр халде жатқан бауыры Сақыпжамалды емдеуге көмек сұраған арыздарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Кеңес отырысының хаттамасына сай Қор есеп шотына қыркүйек және қазан айлары есебінен жиналған 457 000 (төрт жүз елу жеті мың) теңге көлеміндегі қаржы жоғарыда аталған азаматтарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеден көмек ретінде ұсынылып, артылған 57 000 (елу жеті мың) теңге және өткен айдан қалған 15 000 (он бес мың) теңге, барлығы 72 000 (жетпіс екі мың) теңге көлеміндегі қаражат келесі шараларға қолдану мақсатында Қор қазынасында сақталды.
Қор қызметіне қатысты ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз болса, 212-492 телефон нөмірі бойынша немесе 2 ш/а «Орда» бизнес орталығы 726 кеңсеге хабарлассаңыз болады.