«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«СЕНІМ-2019» республикалық байқау нәтижелері бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді.
2019 жылдың 22-24 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша IХ-шы «СЕНІМ» халықаралық конференциясы өтіп, жұмыс берушілер арасындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша байқау жеңімпаздары марапатталды.
Республика деңгейінде өткен байқауда «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленген «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік Қоғамы ерекше аталып, компания бас директорының бірінші орынбасары Қалбай Ізмуханов «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік маман» төсбелгісімен және дипломмен марапатталды.
Әріптестерімізді жүлдемен құттықтай отырып, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы Бауыржан Ләтіп басқарған ұжымды 2018 жылы компания нысандарында өндірістік жарақаттануға жол бермей, табандылықпен атқарған еңбектерінің арқасында қол жеткізген жеңісімен құттықтаймыз!
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің ұжымы