Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide

«ҚАРТҚА – ҚҰРМЕТ, ЖАСҚА – МІНДЕТ!»

30 тамыз, 2019

Мерейлі мереке құрметіне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Алдымен жастар алғаш мұнай ашушылардың қатарында болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызының үйіне барып, ардагер мұнайшының омырауына Қазақстан мұнайының 120 жылдық төсбелгісін тақты. Мұнан кейінгі құттықтау Әділ Нұрмановтың пәтерінде жалғасты. Ардагер мұнайшы жастарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Кен орнының ашылуына куә болған ардагер мұнайшы Әділ Нұрманов Бозашы туралы әдемі естеліктерімен бөлісті.

- Сіздерге үлкен рахметімді айтам. Біздің үлкейіп қалғанымызға қарамай мереке күндері келіп, құттықтап жатсыңдар. Көп жасаңдар,- деп жастарға батасын берді.

Дәл осындай көңілмен жастар 1961 жылы өлкеміздің мұнай ашушыларының бірі болған Нұрмұхан Қанатбаевты да құттықтап, төсбелгі тақты. Жастардың ыстық ықыласы мен өнер шашуына ардагерлер дән риза болды.