«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Мұнайшылар дүбірлі тойды абыроймен өткерді. Қазақ мұнайының 120 жылдығы мен Қаламқас кенорнының 40 жылдық мерейтойы таң атысымен «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында қара алтын игерудің майталмандары болған тоқсан ардагерді марапаттаумен басталып, сәні-мен салтанаты жарасқан жиналысқа ұласты. Бір күнге сыйғызылған айтулы шарада меймандар Қазақ мұнайының атасы атанған даңқты мұнайшы Сафи Өтебаевтың мүсініне гүл шоқтарын қойып, мұнай абызын ұлықтады. Облысымызға ат басын тіреген қонақтар мен сала ардагерлеріне арнайы қонақасы беріліп, мерекелік дастархан жайылды. Дәл осы сәтте теңіз жағалауындағы Амфитеатрда Қазақ эстрадасына танымал өнер жұлдыздарының концертін бастауға әзірлік жасап жатқан еді. Кеш ауа басталған концертті тамашалаушы қауымның қарасы дәл осы күні қонақтармен қатар қала тұрғындарының толассыз қатарымен толыққан еді. Жағалауға жиналған дүйім жұрттың концерттен көңілдері бір серпіліп қайтқанын, жалпы дүбірлі күннің тынысын сіздерге фоторепортаж арқылы жеткізуді жөн көрдік.