«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Желтоқсан айының 19-ы күні Ақтау қаласында облыстық «Жас тұлпар-2019» жастар сыйлығы табысталды. Салтанатты жиында Маңғыстау облысының жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін 10 аталым бойынша әр саланың жас майталмандары марапатталды. Соның ішінде «Мұнай саласының үздік жас маманы» номинациясын әріптесіміз, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ №1 мұнай және газ өндіру цехының техник-геологы Ерболат Ещанов жеңіп алды. Мұнай-газ саласында алты жылдан астам еңбек етіп жүрген Ерболат Ещанов компания жанындағы жас мамандар Кеңесінің белсенді мүшесі. Ұйымдастырушылық қабілетімен қоса жұмыстан тыс уақытында әлеуметтік жобалармен айналысады. Ол аз қамтылған екі отбасының баспаналы болуына септігін тигізген.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қолынан марапат алған Ерболат әріптесіміздің еңбегіне жеміс, биік белестер тілейміз! Жеңіс құтты болсын!