Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫНА БАРДЫ

31 шілде, 2026
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Жетібай кен орнына барды.
Жұмыс сапары кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысудан басталды. «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының басшылығы негізгі өндірістік көрсеткіштер, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Одан кейін вице-министр Жетібай кен орнын алғаш ашқан геологтарға арналған ескерткішке барып, мұнай-газ саласының ардагерлерінің отандық мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ Ерболат Садырбаев кен орнын игеру тарихын, бірнеше буын мұнайшылардың еңбек жетістіктері мен кәсіпорынның даму кезеңдерін көрсететін Еңбек даңқы музейінің экспозициясымен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысында вице-министр оқу-жаттығу полигонында болып, онда «Өрттің шығуымен қатар жүретін ұңғыманың ашық фонтандауын жою» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару бөлімшелері мен мамандандырылған қызметтердің шартты төтенше жағдайды оқшаулау және жою жөніндегі іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығуды пысықтай отырып вице-министр күштер мен құралдардың дайындық деңгейін оң бағалады, барлық жұмылдырылған бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылын атап өтті. Сонымен қатар ол өндірістік нысандардағы қауіпсіздік әрдайым басты басымдық болып қала беретінін ерекше атап өтті.