Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide

БІЛІМДІЛЕР БӘСЕКЕСІ

20 шілде, 2026
Зеректік пен білім, логика мен көтеріңкі көңіл күй тоғысқан корпоративтік квизді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесі ұйымдастырды.
Зияткерлік сайысқа «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, Ақтау қаласындағы орталық аппарат қызметкерлері, сондай-ақ «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Мұнайтелеком» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының Жас мамандар кеңестері төрағаларынан құралған біріккен команда қатысты.
Қатысушылар тарих, спорт, кино, музыка, өнер және басқа да түрлі тақырыптар бойынша білімдерін, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын сынға салды. Сайыстың арнайы кезеңдерінің бірі Маңғыстау мұнайының тарихы мен Жетібай кен орнына арналды. Әр команда өздерінің жан-жақты білімін ғана емес, сонымен қатар шапшаң шешім қабылдау, бір-біріне қолдау көрсету және ұйымшылдықпен жұмыс істеу қабілеттерін де жоғары деңгейде көрсетті.
Тартысты дода қорытындысы бойынша «GPT-ге дейінгілер» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Ozimiz» командасы иеленсе, үздік үштікті «Закуп алпамыстары» командасы түйіндеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Корпоративтік квиз қатысушыларға жарқын әсер, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Барлық командаларға белсенді қатысқандары және жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғысымызды білдіреміз.