Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР: КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУЫ МЕН ЕЛ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ

27 ақпан, 2026
«Жаңа Конституция жобасы – елдің орнықты дамуына және әділетті қоғам қалыптастыруға жасалған маңызды қадам», – деп атап өтті Маңғыстаумұнайгаз АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Болат Сейтмағанбетов 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қаламқасмұнайгаз», «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларының және Ақтау қаласындағы орталық аппараттың еңбек ұжымдарымен өткен есептік кездесулер барысында.
Болат Сейтмағанбетов атап өткендей, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту. Сонымен қатар ол Парламенттің жаңа құрылымын қалыптастыру, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты бекемдеуге бағытталған жаңа диалог алаңдарын енгізу маңызды өзгерістердің бірі екенін жеткізді.
Сондай-ақ ол 2026 жылғы 15 наурыз ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды күн болатынын атап өтіп, әріптестерін Референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
Есептік кездесулер барысында Қоғам Басқармасы мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары ұжымдарды негізгі өндірістік көрсеткіштермен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нәтижелермен таныстырды. Сонымен қатар компанияның қаржылық-экономикалық қызметінің қорытындылары мен әлеуметтік-кадрлық саясаты туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу соңында мұнайшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылай келе, Болат Сейтмағанбетов тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды және әріптестерін алдағы Референдумға белсенді қатысуға тағы бір мәрте шақырды.