Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide

"МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ" АҚ-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

13 ақпан, 2026
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған арнайы кеңес өтті.
Кеңеске мемлекеттік органның басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, сондай-ақ компанияның басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Тоқтамыс Жұмағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі қағидаларын, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың әдеп кодексінің талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Атап айтқанда, қызметтік міндеттерді орындау барысында, көрсетілген қызмет немесе қамқорлық үшін, оның ішінде мереке күндеріне байланысты сыйлықтар беруге немесе қабылдауға заңмен қатаң тыйым салынатыны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, ол өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған бұл кеңес ашықтық, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарын нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Кездесу барысында қатысушылар адалдық қағидаттарына берік екенін білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлде төзбеушілік ұстанымын қолдайтындарын растады.