Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫНА САПАРЫ

14 қаңтар, 2026
Бүгін ай сайынғы өндірістік кеңестер аясында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы Жетібай кен орнындағы бірқатар нысандарды аралады.
Атап айтқанда, Бас директордың бірінші орынбасары Болат Сейтмағанбетов «Шығыс Жетібай» кен орнындағы Модульдік компрессорлық станцияның (МКС) жұмысымен танысты. Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газ МКС-қа беріліп, компрессиядан кейін «Жетібай – Жаңаөзен» магистральдық газ құбыры арқылы Қазақ газ өңдеу зауытына (ҚазГӨЗ) айдалады.
Келесі нысан – «Асар» кен орнындағы БКНС-та су жинауға арналған, көлемі 2000 м³ болатын екі резервуары бар Күшейтілген сорғы станциясы (КСС) болды. КСС-ты пайдалануға беру «Асар» және «Шығыс Жетібай» кен орындарында қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне судың тұрақты әрі сенімді жеткізілуін қамтамасыз етті.
Одан әрі Болат Сейтмағанбетов «Асар» кен орнындағы №3 МГӨЦ-ке қарасты №4 топтық қондырғының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда буферлік сыйымдылықтар алаңдарын, сорғы агрегаттарын, сұйықтықты қыздыру пештерін, сепараторларды, есепке алу тораптарын және АГЗУ-ды орналастыру, электр желілерін жүргізу, коллекторларды төсеу және басқа да жұмыстар жүргізілуде.
Қоғам Басқармасы сондай-ақ Жетібай кен орнындағы БКНС-3 аумағында орналасқан көлемі 5000 м³ РВС пен күшейтілген сорғы станциясын аралады. Бұл нысанда да күрделі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда құрылғыны монтаждау және кіре беріс жолдарын салу жұмыстары жүріп жатыр.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы Газпоршеньді электр станциясының (ГПЭС) құрылысы жүргізіліп жатқан алаңда да болды. ГПЭС-ті пайдалануға беру ағымдағы жылдың көктеміне жоспарланған, жобалық қуаты – 25 МВт.
Бас директордың бірінші орынбасары сондай-ақ кен орнын басқару орталығына – цифрлық құралдардың көмегімен өндірістік процестерді тәулік бойы бақылап, талдауға мүмкіндік беретін зияткерлік платформаға барды. Қазіргі уақытта нысанда ОИТҚ жұмысшыларымен бірлесіп, жаңа жүйеде жұмыс істеуді үйрету және меңгеру шаралары жүргізілуде.
Сапар барысында Болат Сейтмағанбетов Жетібай кен орнындағы БКНС-1 ауданында орналасқан су қабылдау ұңғымалары бар Күшейтілген сорғы станциясының күрделі құрылыс жұмыстарын да тексерді. Қазіргі таңда №11 және №12 су қабылдау ұңғымаларына апаратын жолдарды төсеу және операторлық ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Қоғам Басқармасының Жетібай кен орнына сапары құрылымдық бөлімшелер басшылары, сервистік компания өкілдері және басқалардың қатысуымен өткен ай сайынғы өндірістік кеңеспен қорытындыланды. Кеңес барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы есептік кезеңдегі негізгі өндірістік көрсеткіштермен танысып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы жөніндегі ақпаратты тыңдады, сондай-ақ кен орнының ағымдағы қызметі мен алдағы жоспарларын талқылады.
Еске сала кетейік, осындай өндірістік кеңес 13 қаңтар күні «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ өткен болатын.
«Қаламқас» және «Жетыбай» кен орындарында өткен кеңестердің қорытындысы бойынша Қоғам Басқармасы өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмаларды өндірістік басқармалар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеді.