«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ комплаенс мәдениетін дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.
2025 жылдың 16–17 қыркүйек күндері аталған бастама аясында қызметкерлердің кезекті тобы үшін оқытудың екінші кезеңі өткізілді. Оқу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мәселелері, этикалық мінез-құлық ережелері, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу тетіктері қарастырылды. Қызметкерлерді оқытуда ішкі бақылау мәселелеріне және ықтимал заңбұзушылықтар туралы уақтылы хабарлау, компанияның бірінші басшысының тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы рөліне, әрбір қызметкердің қатыстылығына және адалдық қағидатына ерекше назар аударылды.
Алдағы уақытта осындай іс-шаралар «Жетыбаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаларының инженерлік-техникалық және басқарушы құрамдары үшін де өткізілетін болады. Бұл қызметкерлердің ауқымын кеңейтуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қоғамда комплаенс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.