Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

25 сәуір, 2025
Өндіріс өркендеген сайын, ең алдымен сол өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшы амандығы басты назарда болуы тиіс. Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай “ Маңғыстаумұнайгаз” АҚ ұйымдастырған форум осы ұстанымды арқау етіп, түрлі сала мамандары мен жауапты тұлғаларды бір алаңға тоғыстырды. Форумның мақсаты – қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру, адами капиталды сақтау және еңбек адамына деген құрметті арттыру.
Форум шымылдығын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Бас директорының бірінші орынбасары Болат Сейтмағанбетов ашып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру тек ереже сақтаумен шектелмей, бүкіл өндірістік ортада орныққан корпоративтік мәдениеттің бір бөлігіне айналуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар жиында мердігер ұйымдармен жұмыс жүргізудегі ерекшеліктер мен тәжірибелер ортаға салынды. Мекемедегі ішкі аудит пен қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, өндіріс ішіндегі мәдениетті қалыптастырудағы жаңа тәсілдер мен қызметкерлердің белсенділігі сөз болды.
Сондай-ақ, форумда қолданыстағы қауіпсіздік жүйелері мен инновациялық тәсілдер туралы баяндалды. Бұл баяндамалар форум қатысушыларына жаңа ой, тың серпін сыйлады.
Форумның қорытынды бөлімінде сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге марапаттар табысталды. Олардың қатарында Маңғыстау облысы әкімдігінің, Еңбек министрлігі инспекциясының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болғандар бар. Сонымен қатар, «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармалары арасында өткен кәсіби сайыстың жеңімпаздары да лайықты марапатталды.
Қорытындысында форум қатысушылары еңбек қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелермен алмасып, ортақ пікір қалыптастырды. Мұндай ауқымды диалог алаңдары өндірістік мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп, қауіпсіз еңбек орта қалыптастырудағы тың идеяларға жол ашады.