Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

ЖМГ ӨБ МДАЦ жаңғырту, автоматтандырудың жаңа кезеңі!

23 мамыр, 2025

2024 жылы «Жетібаймұнайгаз» ӨБ мұнайды дайындау және айдау цехының (МДАЦ) объектілерінде жаңғыртудың маңызды кезеңі аяқталды-ескірген шашыраңқы автоматтандырылған жүйелер бірыңғай интеграцияланған ТПБАЖ жүйесіне біріктірілді. Бұл оқиға өндірістік процестерді цифрлық трансформациялау және өңірдегі мұнай өндірудің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.


Бұрын әрбір объект: сұйыққоймалар, жылыту пештері, сорғылар немесе мұнайды өлшеу қондырғылары – оператордың оқшауланған АЖО-мен басқарудың өзіндік жүйесінде жұмыс істеген болатын. Мұндай орталықтандырылмаған басқару жедел шешімдер қабылдауды қиындатқан соң жұмыскерлерге жүктемені көбейтіп, өндірістік икемділікті төмендеткен еді. Мұнай жағдай түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етті.

Енді заманауи үш деңгейлі архитектураны (БӨА – БЛК – сервер/АЖО) енгізудің арқасында ТБC, тұндырғыштар объектілері, мұнайды жылыту және есепке алу жүйелері бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктірілді. Жүйенің орталығы Siemens S7 өнеркәсіптік бақылағышы болды, деректерді визуализацияу 8 дисплейде бейнелеу панельдері (бейне қабырғалар) арқылы жүзеге асырылады және деректерді орталықтандырылған жинау, талдау және архивтеу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

Модернизациялау жұмыстары істеп тұрған өндірістік процесс жағдайында аса маңызды объектілерді тоқтатпай жүргізілді, бұл өз кезегінде цех персоналы мен мердігерлерден жоғары дәлдік пен үйлесімділікті талап етті.

Жобаның арқасында:

• Шешім қабылдау мен бақылау жеделдігі артты;

• Операторлар мен инженерлік персоналдың жұмысы жеңілдеді;

• Қазақстан Республикасының шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың бірыңғай жүйесі – МЕАЖ-ға деректерді үздіксіз беру қамтамасыз етілді;

• Ескірген және тоқтатылған құрылғылар алынып тасталды;

• Болашақта жүйені кеңейту және масштабтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

МДАЦ ТПБАЖ-ды жаңғырту жобасы жабдықты жаңарту ғана емес, бұл «Жетібаймұнайгаз» ӨБ-ның тұрақтылығының, қауіпсіздігінің және технологиялық басымдылығының инвестициясы іспеттес.


Р.Ибрашев,

Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және байланыс департаменті директорының орынбасары