Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide

ЖОСПАРЛЫ САПАР – ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСҚА НЕГІЗ

13 шілде, 2025

10-11 шілде күндері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы Қаламқас және Жетібай кен орындарында жоспарлы айлық жұмыс сапарын өткізіп, өндірістік көрсеткіштер мен бірқатар нысандардағы жаңғырту жұмыстарымен танысты.


Алдымен жиынға қатысушылар еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ақпаратымен танысып, кен орындардағы маусым айында жасалған өндірістік жұмыстардың есебін тыңдады. Жоспарлар пысықталды. Одан кейін Басқарма басшылығы:


• Кәріз және сумен, жылумен қамту цехындағы қазандықты қайта жаңғырту жұмыстарын,

• Сорғы-компрессорлық құбырлар мен тереңдік сорғыларды сақтау және жөндеу бөлімшесіндегі уақытша сақтау алаңы құрылысының аяқталып жатқанын,

• Кешенді мұнай дайындау және өткізу цехындағы ЕТБ-2 нысанының жөндеу жұмыстарымен,

• Газ өндіру, дайындау және тасымалдау цехына қойылған ВГ-105/3 компрессорымен танысты.

Сондай-ақ, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту аясында №9 және №10-жатақханалардағы жөндеу, №1, №2 және №3-асханалардағы жұмыстар назарға алынды.


***

Жетібай кен орнында да маусым айының өндірістік көрсеткіштері сараланып, бірқатар маңызды нысандар араланды. Атап айтқанда:

• Қабат қысымын ұстау цехындағы БКНС-1 және БКНС-3 аумағындағы ұңғымалар мен сорғы станцияларының құрылысы,

• №2 мұнайгаз өндіру цехына қарасты ЗУ-5А және ЗУ-6 нысандарының құрылыс жұмыстары қаралды.


Компания басшылығының кеніштерге жасаған бұл сапары өндіріс тиімділігі мен жұмысшыларға жасалған жағдайды одан әрі жетілдіруді көздейді. «Маңғыстаумұнайгаз» үшін өндірістегі тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілік – қатар жүретін басымдық. Осы орайда Басқарма нысандардағы құрылыс пен жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды, жоспардан ауытқуға және өндіріс процесіне кедергі келтіретін олқылықтарға жол бермеуді тапсырды. Сонымен қатар, әр бағыт бойынша нақты міндеттер жүктеліп, орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.