«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының ішкі коммуникациялар ережесіне сәйкес Қоғам басқармасы жылына екі рет, I-ші жартыжылдықтың және жыл қорытындылары бойынша, еңбек ұжымымен есептік кездесулер өткізеді.
Осыған байланысты Басқарма мүшелері - «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры Вэнь Цзяцзюнь мен «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары Болат Сейтмағанбетов қыркүйек айының 9-ы күні Жетібай кенорнында «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының, 10-шы қыркүйекте Қаламқас кенорнында «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының, ал 11-ші қыркүйекте Ақтау қаласында Қоғам орталық аппаратының қызметкерлерімен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша есептік кездесулерін өткізді.
Бұл жиындарда бас директордың орынбасарлары мен департамент басшылары өздері жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша баяндамалар жасады. Атап айтсақ, есептік кездесулерде қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өндіріс жағдайы, қаржылық жағдай, Қоғамдағы кадр саясаты және әлеуметтік саясат мәселелеріне қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар берілді.
Баяндамалар аяқталған соң қызметкерлер Қоғам басшыларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік алды. Есептік кездесулерде қойылған сұрақтардың дені кадр саясатына, әкімшілік және әлеуметтік мәселелерге қатысты болды. Қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді, ал жауап беруді уақыт талап ететін сұрақтар хаттамаға енгізіліп, Қоғам басқармасының тікелей бақылауына алынды.