«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
14 наурыз күні Қаламқас кен орнына жұмыс сапармен «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы барды.
Мәртебелі қонақтардың Маңғыстауға сапары дәстүр бойынша кеңінен атап өтілетін Амал мерекесімен тұспа-тұс келді. Кездесуде корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов пен омбудсмен Серікбай Тұрымов еңбек ұжымына жаңа жылда табыс тілеп, мерекемен құттықтады.
Оған «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдік басшысы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы мен «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ басшылары, цех бастықтары қатысты. Ғибрат Ауғанов жиналғандарды «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің негізгі аспектілерімен таныстырып, мұнайшылардың сұрақтарына жауап берді.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының Қаламқас жұмыскерлерімен кездесуі өте жемісті және сындарлы болды: ашық диалог аясында мұнайшылар ұсыныс-тілектерін айтып, өзекті тақырыптар мен мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, кеңес барысында тендерлік рәсімдер, тауарлар мен қызметтерді сатып алу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, еңбекақы төлеу, үстеме жұмыс және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, кен орнындағы мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жүргізуге келісті.