Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide

«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

12 наурыз, 2025

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнай өндірудің тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды белсенді енгізуді жалғастыру үстінде.

Компанияның негізгі жобаларының бірі «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы базасында кен орнын басқару орталығын (КБО) құру болып табылады. Бұл жоба алғаш рет «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ объектілеріне енгізілді және ол кен орнындағы технологиялық процестерді мониторингілеу мен басқаруға арналған зияткерлік платформа болып табылады.

Орталық бірыңғай IT-кеңістік қағидаты бойынша жобаланған, онда жұмыскерлер тәулік бойы режимде цифрлық құралдардың көмегімен кен орнындағы барлық өндірістік процестерді бақылап, талдайды.

Жаңа Орталықтың негізгі міндеті - барлық кезеңдерде кен орнын тиімді игеруді және пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың бірыңғай біріктірліген жүйесін қалыптастыру, технологиялық басқарудың тиімділігін арттыру, есепке алуды автоматтандыру, нақты шығындарды бақылау, энергия тұтынуды оңтайландыру және тағы басқалар.

Қазіргі уақытта «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ КБО жүйесі кен орнының барлық негізгі өндірістік объектілерімен – Мұнай және газ өндіру цехтарымен, Суды алдын ала ағызу қондырғысымен, Мұнайды дайындау және айдау цехымен, Газ турбиналық электр станциясымен және т.б. біріктірліген.

- Орталық AVEVA System Platform базасында жұмыс істейді, ол нақты уақыт режимінде деректерді жинауға және өңдеуге ғана емес, болашақта ықтимал ауытқуларды болжауға мүмкіндік береді, жұмыскерлерді белгіленген шектерден асып кеткені туралы автоматты түрде хабардар етеді, - деп атап өтті электроника инженері ААТжБД Ержан Кумысов. – Осындай цифрлық технологияларды қолдану біздің Компаниямызды сапалы жаңа деңгейге шығарады және одан әрі дамыту үшін тиімді негіз жасайды.

Болашақта Қаламқас кен орнын басқару орталығына көлік бақылау жүйесін интеграциялау жоспарлануда, ал перспективалық жоспар бойынша осындай жоба «Жетыбаймунайгаз» өндірістік басқармасында да енгізілмек.