«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
23 тамыз күні «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Қаламқас кен орнының 45-жылдығына орай «Қаламқас» атты жазба ақындардың облыстық ашық жыр мүшайрасы өтті.
Өндірістік басқарманың қолдауымен өткен шара тарихтағы Тұмар ханшайым, Бопай аналарымыздың жалғасындай болған, бүгінде аты ірі өндірістік басқармамен аталып, Маңғыстау тарихында ерекше орын алатын Қаламқас апаның және Қаламқас кен орыннан қара алтынды игеруде зор үлесі бар майталман мұнайшыларға арналды. «Майталман мұнайшылар» тақырыбында және Қаламқас апаға арнау арнап, еркін тақырыпта өнер көрсеткен ақындар төмендегідей марапаттарға ие болды:
1-орынды Асылбек Жаңбырбай - ақын, 1985 жылы Бейнеу ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің Поэзия аталымы бойынша 1-орын жүлдегері. «Жансусар», «Аспан хаттары» атты кітаптарының авторы.
2-орын Мәмбет Бигелдиев – ақын, 1985 жылы Сенек ауылында дүниеге келген. Республикалық, Облыстық ақындар мүшәйраларының жүлдегері, «Өзенмұнайгаз» АҚ Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасының директоры.
3-орын Алшын Суемов – ақын, 2001 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Республикалық және облыстық ақындар айтыстарының жүлдегері. Ш.Есенов атындағы «Туризм және тілдер» факултетінің «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының 4-курс студенті.
4-орын Артур Салпыков - ақын, 1989 жылы Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Көптеген жазба ақындар мүшәйраларының жүлдегері, «Қайнар» колледжінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі.
4-орын Таңбай Балтабаев – ақын 1958 жылы туған, зейнеткер Қызыл өзен ауылында тұрады.
4-орын Ләззат Домбаева – ақын, 1977 жылы туған. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғарғы педогогикалық колледжі» МКҚК ұстазы. Ақтау қаласында тұрады.
Ақындарға марапатты «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-ның бастығы Мақсат Нұрғабылов пен «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұрат Батыршаев табыстады. Шара соңы Республикалық байқаулардың лауреаттары, өңірімізге танымал өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты. Қаламқастық мұнайшылар кешті жылы қабылдап, «Қаламқас апаны, майталман мұнайшыларды қайта тірілттіңдер, сіздерге көп рақмет», - дей келе ақындарға шалқар шабыт тілеп өткізілген шараға алғыстарын жаудырды.