«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ негізгі басымдықтарының бірі. Сонымен қатар, компания басшылығы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын жақсарту жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысатын жұмыскерлерді ғана емес, олардың отбасы мүшелерін де қолдап, ынталандырып отырады.
21 тамызда мұнайшылар күні қарсаңында Қазақстан мұнайының 125 жылдығы, Қаламқас кен орнының - 45 жылдығын атап өту жоспарланып жатырған іс-шара аясында бас директордың әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрпейіс Сәрсенбай ағымдағы жылы еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейін көрсеткен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыскерлерінің ата-аналары мен отбасы мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті. Нұрпейіс Сәрсенбай ата-аналарға алғысын білдіріп, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы – Қоғамның басты басымдығы екенін атап өтті.
Қоғамның мынадай жұмыскерлерінің: ЖМГ ӨБ 1-МГӨЦ шебері Қ. Муратовтың, ЖМГ ӨБ ПЖПЖЦ шебері Б. Ходжаевтың, ГӨДжГШПЦ шебері У. Бердыхожаевтың, ҚМГ ӨБ ҚҚҰЦ шебері Т. Сардарбековтың, ҚМГ ӨБ 3-МГӨЦ мастері С.Нуртаевтың, ҚМГ ӨБ ТСДЦ шебері, Б. Құлбатыровтың, ЖМГ ӨБ 1-МГӨЦ шебері Е. Чанчаровтың, ЖМГ ӨБ 1-МГӨЦ операторы Ж. Дуйсенбайдың туыстары мен жақындарына алғыс хаттар табысталды.
Бұл жұмыскерлер бастамашылық танытып, өндірісте еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын жақсарту бойынша идеяларды ұсынып қана қоймай, өз әріптестері үшін тамаша үлгі болып жүр. Олардың көпшілігі дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткізілетін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жыл сайынғы байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.
ЕҚжЕҚҚОҚД бастаған іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, мерекелік шай дастарханымен аяқталғанын да айта кету керек.
Жұмыскерлердің ата-аналары мен туыстары компания басшылығына балаларының жұмысын жоғары бағалағаны үшін алғыстарын білдіріп, Қоғамға алдына қойылған жаңа мақсаттарға қол жеткізуіне табыс тіледі.