«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
2024 жылдың шілде айының 24-і күні «Ембімұнайгаз» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мамандары тәжірибе алмасу мақсатында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Жетібай кенорнының нысандарына барды. Шара «ҚазМұнайГаз» ұлттық компания акционерлік қоғамының 2024-2027 жылдарға арналған «Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі» жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Қоғамның жұмысымен танысу компанияның Ақтау қаласындағы бас кеңсесінен басталды, онда «Ембімұнайгаз» АҚ мамандарын таныстыру мақсатында қолданыстағы өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы цифрландыру жөнінде презентация көрсетілді. Мамандар бір-бірімен ақпарат алмасып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, көлік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және парниктік газ, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша өзекті мәселелерді талқыға салды.
Бұдан әрі мамандар Жетібай кен орнының нысандарындағы, оқу-көрсету алаңына, мұражайға, №1 мұнай және газ өндіру цехына қарасты №18 топтық қондырғыға және газ дайындау, тасымалдау және газ шаруашылығын пайдалану цехына қарасты №27 модульдық компрессорлық қондырғы мен №1 газ жинақтау қондырғысы нысандарымен танысты. Тәжірибе алмасу барысында жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен өндірістік жарақаттанудың алдын алуға арналған тағы да басқа көптеген мәселелер талқыланды.
«Ембімұнайгаз» АҚ мамандарын бастап келген Департамент директоры Әнуарбек Каримов өз сөзінде өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту мәселелеріне қатысты "Маңғыстаумұнайгаз"АҚ тәжірибесінен алатын құнды нәрселердің мол екенін атап өтті, әсіресе «Еңбекті қорғау» мобилдік қосымшасы мен «Аспанс» өндірістік бақылау қосымшасы. Сөз соңында аса ұйымшылдықпен және кең қонақжайлықпен қарсы алған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаментінің мамандарына өз ризашылығын білдіре отырып, өндірістік және көлік қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту, жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу шараларын «Ембімұнайгаз» АҚ жалғастыруға ұсыныс білдірді.