Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ

10 шілде, 2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компанияларында «Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін» енгізу және қолдау жөніндегі жоба аясында стратегиялық сессиялар басталды, оның бірінші қатысушысы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өкілдері болды.


Стратегиялық сессияның мақсаты – қауіпсіздік мәдениетіне әсер ететін негізгі аспектілерді анықтау және талқылау, сондай-ақ оларды жақсарту стратегияларын әзірлеу. Шараны компанияның бас директоры Мұрат Мұстафаев ашып, барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті.


Сессияға қатысқандар:

* «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының жоғары басшылығы

* ⁠Тиісті департаменттердің басшылары

* Өндірістік басқармалардың басшылары


Қатысушылар еңбек қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды қарастырып, өзекті мәселелерді талқылап, оларды жоюдың тиімді жолдарын ұсынды.


Сессия барысында қауіпсіздік деңгейін арттыруға, өндірістік жарақаттануды азайтуға және компанияның барлық қызметкерлерінің әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік мәдениеті бойынша бір жылдық іс-шаралар жоспары әзірленді.